Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды

Сәуір 6, 2026 - 09:33
app_badging Сәуір 6, 2026 - 14:59
chat_bubble  0 visibility  4
Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды
фото: видеодан скриншот

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында "Шөптікөл" бөгеті бұзылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.

"Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Апат салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күш-құралдары жұмылдырылған", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Шамамен 170 адам және 43 техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Бұған қатысты

"ҚазАвтоЖол" өкілдері де мәлімдеме жасады. Компания мәліметінше, "Шөптікөл" бөгетінің бұзылуы салдарынан су алқаптар арқылы елді мекен бағытына қарай жайылып, "Астана – Қорғалжын" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтуде. Дегенмен су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ.

"Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылдап жатыр. Жұмыстарға 14 арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылған. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп жатыр", - дейді жол мамандары. Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы қалыпты режимде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0