Ақмола облысында жұмысшы мерт болды

Тамыз 12, 2024 - 12:41
app_badging Тамыз 12, 2024 - 12:47
chat_bubble  0 visibility  52
Ақмола облысында жұмысшы мерт болды
Фото: Pixabay.com

Ақмола облысында 37 жастағы жұмысшының үстіне жүк тиегіш құлап, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға жайында Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

Белгілі болғандай, ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген. Жөндеу жұмыстары кезінде оның үстіне жүк тиегіш құлаған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан да тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0