Ақмола облысында жүк көлігі мен жол жөндейтін техника соқтығысты
2026 жылғы 24 наурыз сағат 10:30 шамасында Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясы республикалық маңызы бар автожолында жол-құрылыс техникасының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Астана қаласы бағытында келе жатып, аталған жолдың 76-шақырымында қауіпсіз жылдамдықты сақтамай және арақашықтықты ұстамау салдарынан жол жұмыстарын жүргізіп тұрған «КАЖсервис» ЖШС-нің тиегішімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тиегіш жүргізушісі зардап шегіп, жедел жәрдем қызметі арқылы ауруханаға жеткізілді.
Жол қызметкерлері күн сайын автожолдарда қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытында аса маңызды жұмыстарды атқарады.
2025–2026 жылдардың қысқы кезеңінде жол-құрылыс техникасының қатысуымен 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың барлығында көлік жүргізушілері кінәлі деп танылған. Сонымен қатар, 2025 жылы 6 жазатайым оқиға орын алып, оның 5-і жол-көлік оқиғасы болса, салдарынан 2 жол қызметкері қаза тауып, тағы 3 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.
Мұндай жағдайлар жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін айқын көрсетеді. Жылдамдықты арттыру, арақашықтықты сақтамау және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелердегі ескерту белгілерін елемеу жүргізушілер мен жол қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіруде.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге жақындағанда барынша мұқият болуға, жылдамдықты алдын ала төмендетуге және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0