АҚШ оқу визаларын беруді тоқтатады

Ақ үй билігі өтініш беруші студенттермен сұхбат жүргізуге уақытша тыйым салды. Олар әуелі оқуға ниетті азаматтардың әлеуметтік желісін барынша тексеруді қарастырып жатыр, деп хабарлады tiek телеграм-арнасы.
Консулдық қызметкерлер Instagram, X және TikTok сияқты платформаларда жарияланған жазбалардан бастап, желіде қалдырған пікірлерін де назарға алмақ.
Бірақ тексеріс қалай жүргізілетіні белгісіз. Белгісі енді АҚШ-қа арман қуып барған әр студентке әлеуметтік желісі арқылы баға берілетін болады. Шетелдіктерге қарсы қатаң шаралар Гарвардпен туындаған дау-дамайдан кейін күшейе түскен. Трамп көне университетке қысымды арттырып, тағы да 100 млн долларлық қаржылық қолдаудан айырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






