«Ақшаны құмыраға тыққан»: ҰҚК Көлік вице-министрінің қамауға алынғанын растады

Тамыз 4, 2025 - 10:43
 0  127
«Ақшаны құмыраға тыққан»: ҰҚК Көлік вице-министрінің қамауға алынғанын растады

Бұған дейін БАҚ беттерінде Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

KazTag порталының мәліметінше, шенеунік 78 мың доллары көлемінде пара алған деген күдікке ілінді. Ол қаражатты ұлының Ұлыбританиядағы оқуына және жүріп-тұруына аударған.

ҰҚК бұл ақпаратты растады. 

ҰҚК баспасөз қызметі хабарлауынша, ол ақшаны құмыраға тыққан. 

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0