«Ақшасын жасырып, қашып жүр»: Жанель Мақажан экс-күйеуі туралы күтпеген мәлімдеме жасады (ФОТО)

Қыркүйек 29, 2026 - 14:51
chat_bubble  0 visibility  10
«Ақшасын жасырып, қашып жүр»: Жанель Мақажан экс-күйеуі туралы күтпеген мәлімдеме жасады (ФОТО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал актриса  Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылхан туралы күтпеген мәлімдеме жасап, оқырмандарына өтінішін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Айтуынша, актер Абай Асылхан 3 айдан бері қыздарына материалдық тұрғыда көмектеспей, жауапкершіліктен қашып жүр. Сондай-ақ актриса оқырмандарына бұрынғы күйеуін іс-шаралардан, тойдан көрсе суретке түсіріп жіберуін өтініп, заңға жүгінетінін айтты.

"Үш айдан асты әкесі қыздарына моральдық, материалдық көмек көрсетіп жатқан жоқ. 2-3 ай бұрын қыздардың әкесі кеткен кезде күтушісін, тамағын, балабақшасын, киім-кешек, барлық материалдық жағдайын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Бірақ, қыздарды қаржылай қамтамасыз ету қажет екенін қанша айтып жеткізгім келгенмен, тыңдамаған сөз жетім болып тұр. Неше той, іс шара жүргізіп жатқанын ұзын құлақтан естіп жатырмыз. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүр екен. Маған тіпті фото-видеоларын сыртынан жіберіп жатқан адамдар бар. Сол себепті өзіме мықты адвокат іздеймін. Ақшасын жасыратын, басқа да заңға қайшы мәселелерді ашуға тура келетін сияқты. Бірақ мен оны оған ескерткенмін, амал қалдырмай тұр. Жалпы еркекті танығың келсе, ажырасқанда көресің деген ұғым бар. Біздің жағдайымыз сол сөздің дәлелі болып тұр. Достар, сіздерден көмек сұрамаймын. Қандай да бір іс шарада қыздардың әкесін көрсеңіздер маған фото, видео жіберсеңіздер, өтініш. Өйткені баланы дүниеге әкеліп, оның барлық жауапкершілігінен қашқан адамды, адамгершілікпен түсінбесе, онда заң қолдану керек деп ойлаймын. Дәл бұл адамнан мен бұндай құйтұрқы әрекетті күтпеген жоқпын. Алайда өмірде бәрі болатынына көзім жетті", - деп жазды Жанель Мақажан. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0