Ақтауда үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Тамыз 12, 2026 - 10:31
 0  17
Ақтауда үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин

Ақтауда жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, жаппай жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жол апаты 11 тамызда Ақтау–Маңғышлақ автожолында Toyota Camry, Lada Granta және Toyota Sequoia көліктерінің қатысуымен болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta және Toyota Camry көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Үш көлік те арнайы айып тұрағына қойылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0