«Ақтөбе» - «Қайрат»: Дастан Сәтпаев шешуші голды соқты (ВИДЕО)

Наурыз 16, 2026 - 22:39
chat_bubble  0 visibility  1
«Ақтөбе» - «Қайрат»: Дастан Сәтпаев шешуші голды соқты (ВИДЕО)
Фото: ФК "Қайрат"

"Қайрат” пен “Ақтөбе” командалары Қазақстан Премьер-Лигасы-2026 маусымының екінші турындағы орталық матчта кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Кездесуге қостанайлық төреші Санжар Искаков бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.

Матч барысында екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Бірінші таймда қонақтарды бірнеше рет қақпашы Александр Заруцкий құтқарып қалды. Алаң иелері ойын барысында басымдық танытқанымен, үзіліске дейін гол соға алмады.

Екінші таймда алаңға шыққан Дастан Сәтпаев ойын тағдырын шешті. Ол қарсылас ойыншысы Даниэль Сосадан допты тартып алып, “Қайратқа” жеңіс әкелген жалғыз голды соқты. Қорытынды есеп - 1:0.

Осы жеңістен кейін “Қайраттың” еншісінде алты ұпай болды. Ал “Ақтөбе” үш ұпаймен қалды.

Келесі турда “Қайрат” 21 наурыз күні Алматыда “Жетісу” командасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0