Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Маусым 10, 2026 - 10:43
 0  21
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе – Астрахань республикалық маңызы бар автожолында екі адам мерт болып, сегіз адам зардап шеккен ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған.

DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.

Ақтөбе облыстық ПД-ның мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта жол апатына қатысты барлық мән-жай мен себебі анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0