Ақтөбеде қала маңынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Қараша 21, 2025 - 14:21
 0  13
Ақтөбеде қала маңынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Фото: instagram / zello.poisk

Ақтөбе қаласының маңынан ерлі-зайыптылардың денелері табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Екеуі де өткен күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті еріктілер оларды іздеуге көмек сұраған еді.

Бүгін қала сыртынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған болуы мүмкін.

«Орда» дереккөздерінің айтуынша, олардың артында бес бала қалды.

«Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Кейін күйеуі асылған күйде табылды. Оқиға орнында тергеушілер аумақты тексеріп, дәлелдер жинап, жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды, қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0