Ақтөбеде жалған медициналық анықтама жасаған медбике ұсталды
Ақтөбеде 40 адамға жалған медициналық анықтама рәсімдеген медбике ұсталды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жалған медициналық анықтаманы беру кезінде қаланың клиникаларының бірінің ғимаратында медбикені ұстады.
Жедел ақпаратқа сәйкес, күдікті пайда табу мақсатында өзінің танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды (№075, №086 нысандағы анықтамалар және санитарлық кітапшалар) дайындау және сату бойынша заңсыз схема ұйымдастырған.
Анықталғандай, аталған тұлғалар клиенттерді міндетті зертханалық тексерулерден және бейінді мамандардың медициналық тексерулерінен нақты өткізбей-ақ жалған медициналық анықтамалар рәсімдеп отырған.
Мұндай құжаттарды заңсыз рәсімдегені үшін олар жүйелі түрде 5 000-нан 10 000 теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып келген. Қазіргі уақытта осындай анықтамаларды сатып алған 40 азамат анықталды.
«Жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс әдісімен» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтқбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0