Алагөзов өз қызметкерлерінің ата-аналарына зейнетақы төлемек

Желтоқсан 21, 2025 - 12:08
 0  54
Алагөзов өз қызметкерлерінің ата-аналарына зейнетақы төлемек
фото: видеодан скриншот

«GALANZ Bottlers» компаниясының Жаңа жылдық корпоративтік кешінде кәсіпорын басшысы Тұрсынғали Алагөзов өткен жылдың нәтижесін қорытындылап, ұжым мүшелеріне жағымды жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Іс-шара барысында кәсіпкер компания қызметкерлерінің ата-аналарына тұрақты қаржылай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасы 65-тен асқан әрбір қызметкердің ата-анасына ай сайын компания есебінен 50 мың теңге көлемінде арнайы төлем тағайындалады. Бұл бастама ата-аналардың бала тәрбиесіндегі еңбегін және қоғамға қосқан үлесін бағалау мақсатында қолға алынған.

Тұрсынғали Алагөзов ата-ананың рөлін ерекше атап өтіп, адал әрі жауапты мамандарды тәрбиелеп өсірген жандар әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді. 

«Маған осындай білікті де сенімді қызметкерлерді сыйлаған ата-аналарға ризашылығым ретінде, жастары 65-тен асқан әрқайсысына ай сайын 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі», – деді компания басшысы.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0