Алакөлде бір топ ер адам қыз бен жігітті аяусыз соққыға жыққан

Шілде 9, 2026 - 16:40
chat_bubble  0 visibility  1
Алакөлде бір топ ер адам қыз бен жігітті аяусыз соққыға жыққан
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы Алакөл жағасында қыз бен жігітке бір топ ер адамның күш қолданғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Осыған байланысты Абай облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп, бейнежазбада көрсетілген жағдайдың 2023 жылы болғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, тексеру барысында жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталған.

«Қарау нәтижесінде тараптардың бір-біріне қоятын талап-шағымы жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ олар құқық қорғау органдарына жазбаша арыз беруден бас тартты», – деп хабарлады полиция.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары оқиға бойынша тараптардың ресми шағымы тіркелмегенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0