«Алаудың жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы қатты батты»: Гүлзира Айдарбекова жанайқайын айтты
Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Алау туралы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды sadaq.kz ақпарат агенттігі.
«Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шындығында қатты батты, пәленшенің немересі, түгеншенің қызы деп тиісу де аз болған жоқ.
Қандай перзентіміз болса да ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз орамалмен де көріп жатырмыз, беті жылтыр, іші қылтыр. Бастысы екі жүзділік болмасын ұрпағымызда.
Бізде ең ауыры, біреу алға шықса аяқтан тарту өте көп, өсек бітпейді. Бұйыртса, Алау қызым алаулаған жалынды, қайсар қыз болып, бүкіл Қазақ елінің мақтанышы болуын Алла қабыл етсін!» – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0