«Алладан үлкен емеспіз»: Наркенже Серікбаеваның қызы анасын сынап жатқандарға жауап берді

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваға қатысты туындаған даулы жағдайға байланысты оның қызы Жансая Серікбаева әлеуметтік желіде пікір білдіріп, анасының не себепті кешірім бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Жансаяның айтуынша, бұл оқиғада анасы үлкен парасаттылық пен көрегендік танытқан. Ол бұл шешімді қоғам мен ел ағаларының сөзіне құрмет ретінде қабылдағанын айтады.
"Мен Анаммен әрқашан мақтанамын, бұл жолы да ерлік жасап ешкім қозғай алмай жүрген қоғамның басты дертін қозғады. Бұл, әрине, барлық мекеме басшыларына сабақ болғаны сөзсіз. Барлық әлеуметтік желіде біреуіңіз жақтасаңыздар, біреуіңіз даттап жатырсыздар. Енді келіп, блогер, журналист сымақтар хайп қуалап анамды мазаққа айналдырып жатыр, мейлі біз қашанда мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп бас көтеріп өтіп кетеміз. Бұл жағдай бізге кімнің кім екенін танытты, бұрынғыдан да шыңдай түсті. Біздің қоғамның әлсіз жері де осы басқа біреуді жерден алып, жерге салып табалауға шеберміз. Мейлі, халық не демейді? Мен бәрін Аллаға тапсырдым. Дегенмен менің көргенім басқа дүние. Анама қолдау көрсету үшін осы мәселе барысында оның жанынан табылдым. Жан-жақтан белгілі ел ағалары келіп: "Наркенже қарындасым, кешірімді болайық", – деп екі тарап келісімге келіңдер дегенде, анам көрегендікке салынып, ел ағаларының сөзінен аттап кете алмай, біздің тарапымыздан кешірім берілді. Негізі бұл жағдай резонанс тудырды. Сол жерде тұрып, менде анама ренжіп: "Неге кешірдіңіз? Неге соңына дейін бармадыңыз?" – деген сұрақты мен де қойдым. Сол кезде анам: "Саяш, Алладан үлкен емеспіз, үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалды?" – деп тоқтатты. Осылай екі жақ ортақ шешімге келдік, – деп түйіндеді әншінің қызы Жансая.
Сіздің реакцияңыз қандай?






