«Аллаға тапсырдым»: Дана Нұржігіт күтпеген жаңалығымен бөлісті

Наурыз 17, 2026 - 15:32
app_badging Наурыз 17, 2026 - 15:39
chat_bubble  0 visibility  4
«Аллаға тапсырдым»: Дана Нұржігіт күтпеген жаңалығымен бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Журналистің айтуынша, ол жаңа кітабын баспаға тапсырып, оқырмандарынан қолдау сұраған.

«Жасың құтты болсын, оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек-жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын, жақсыларым! Олай болса, мен де тәуекел етіп, амал жасадым: кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым! Тілеуімді тілеп қойыңыздар», — деп жазды ол.

Тележүргізушінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, оқырмандар оған ақ тілектерін жаудырды.

Көпшілік жаңа кітаптың жарыққа шығуын асыға күтетінін айтып, авторға шығармашылық табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0