Алматы маңында жер сілкінісі болды
Бүгін, 23 қазанда Алматы тұрғындарын жер сілкінісі туралы хабарлама шошытты. ТЖМ мән-жайды түсіндірді – ведомство мәліметінше, қаладан оңтүстік-батысқа қарай 136 км жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматылықтардың телефонына дабыл жүйесінен жер сілкінісі туралы хабарлама келді.
ТЖМ өкілдері мән-жайды анықтады.
"ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 12:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км. жерде орналасқан. Жер сілкінісінің координаттары : 42.032 с.е.76.784 ш.б Тереңдігі - 10 км", - делінген ТЖМ жариялаған хабарламада.
Жер сілкінісі Алматы тұрғындарына сезілген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?