Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ақпан 4, 2025 - 15:17
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
фото: видеодан скриншот

Жол апаты Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады», - деді Әбдіннұр Тасыбаев Алматы облысы ПД ЖПҚБ басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow