Алматыда белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы ұсталды

Наурыз 9, 2024 - 13:27
chat_bubble  0 visibility  4k
Алматыда белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы ұсталды

Белгілі қоғам қайраткері, журналист және белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы  Алматыда ұсталды.

Бұл туралы адвокат Айнұр Айдарханова мәлімдеді. Оның айтуынша, Рысбек Сәрсенбайұлы мен құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованы күндізге 11-лер кезінде Талғар ауданының полиция басқармасына алып кеткен.

Ұстау себебі әлі хабарланған жоқ. Осы уақытта Сәрсенбайұлы Алматыдағы Республика алаңында "саяси тұтқындары жоқ Тәуелсіз мемлекет" атты баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлаған. 

Сәрсенбайұлы митинг емес, тек журналистермен және блогерлермен әңгіме өткізбек болған. 

Түстен кейін Рысбек Сәрсенбайды полиция бөлімшесінен жедел жәрдем алып кеткені белгілі болды. Қоғам белсендісі қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 5
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 3
😡 Сұмдық 28
😢 Қайғылы 4
😮 Жарайсың 0