Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан адам ұсталды

Тамыз 12, 2025 - 14:41
chat_bubble  0 visibility  24
Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан адам ұсталды
ТЖМ

Алматыда полиция Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sadaq.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

10 тамызда Алматыда өткен америкалық әншінің концертіне барлық жанкүйер кіре алмады – кейбірі қолдан жасалған билеттер сатып алған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікпен бір адам қамауға алынды. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, екі жалған билет сатқан.

«Мұндай жағдайға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан алуды кеңес етеміз», – деді Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0