Алматыда экс-әйелінің жағын сындырып, өзін өлімші етіп сабаған еркек қамауға алынды
Оқиға 28 тамыз күні болды

Алматыда экс-әйелінің жағын сындырып, өзін өлімші етіп сабаған еркекті полиция қызметкерлері қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 28 тамыз күні Жетісу аудандық полиция басқармасына қала тұрғынының дене жарақатын алғаны туралы ақпарат түскен.
Осы дерекке сәйкес 36 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы полициясы азаматтарға қарсы жасалған әрбір заңсыз әрекетке қатысты қағидатты ұстанымда. Барлық материалдар объективті түрде қаралып, тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес шаралар қабылданады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда экс-күйеуі аяусыз сабаған әйел президенттен көмек сұрағаны хабарланған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






