Алматыда ер адам болашақ жарының ағасын пышақтады

Шілде 2, 2026 - 00:20
 0  46
Алматыда ер адам болашақ жарының ағасын пышақтады
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының Бостандық ауданында үйлену тойына дайындық кезінде болған отбасылық жанжалдың соңы пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, тойға дайындықпен аяқталуы тиіс отбасылық жанжал пышақтасумен біткен.

Күдікті полиция қызметкерлері тарапынан ізін суытпай ұсталды. Қылмыс құралы оның көлігінің салонынан табылып, тәркіленген. Заттай дәлелдемелер қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

"Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қақтығысқа қатысушылардың әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі", – деп нақтылады полиция.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0