Алматыда ірі көлемдегі есірткі сату арнасы анықталды

Желтоқсан 29, 2025 - 17:33
 0  1
Алматыда ірі көлемдегі есірткі сату арнасы анықталды
polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері каннабис тобына жататын есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Тінту барысында шамамен 3 келі гашиш және 2,5 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған операция полиция бөлімшелерінің үйлесімді және нәтижелі жұмысының айқын көрінісі. Біз заңсыз есірткі айналымын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Бұл – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеті", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы мен ықтимал сыбайластары анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0