Алматыда қылмыс әлемінің «серкесі» ұсталды

Ақпан 3, 2026 - 16:32
 0  94
Алматыда қылмыс әлемінің «серкесі» ұсталды
Фото: ҰҚК

Алматыда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен аса ірі көлемде қорқытып, бопсалаушылық жасады деген күдікпен қылмыс әлемінің «серкесін» ұстады, деп хабарлайды sadaq.kz.

2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады.

Көрсетілген адам аса ірі көлемде қорқытып, бопсалаушылық жасады деп күдіктелуде. 

«Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Осы іс аясында қаңтарында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды», - деп хабарлады ҰҚК баспсөз қызметі.

CMN.KZ басылымының дерегінше, күдіктіні Шымкент қаласындағы ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстаған. Асылбек Тулетпеков 1985 жылы туған. Оны «Кропаль» тобының жетекшісі ретінде бопсалау фактісі бойынша (ҚР ҚК 194-бабы) күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0