Алматыда қоймадан өрт шықты
Алматыда Жетісу ауданы, Тобаяқов көшесіндегі қойма ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматыда жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндірілуде.
"Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма өртенді деген алдын ала мәлімет бар. Оқиға орнында өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды", - деп хабарлады ведомство.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ашық жалынға оранғаны анықталды.
Оқиға орнына ТЖД-ның 63 жеке құрамы мен 16 техникасы, Алматы-1" ЖЭО-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, "Су Арнасы", "Алматы Тазалық" қызметтері, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және автопоезд жұмылдырылды.
Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түскен жоқ. Сағат 10:45-те қабылданған шаралар нәтижесінде өрт оқшауланғаны белгілі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0