Алматыда сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелдің отбасы қаладан көшіп кетті

Маусым 25, 2026 - 14:50
chat_bubble  0 visibility  2
Алматыда сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелдің отбасы қаладан көшіп кетті
фото: видеодан скриншот

Сенат кулуарында еңбек вице-министрі Ербол Тұяқбаев сәбиімен бірге курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелдің отбасы Алматыдан кетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әлеуметтік желілерде суреті қоғамда резонанс тудырған, сәбиімен бірге курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелдің отбасы Алматыдан көшіп кетті.

Бұл туралы сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, жарияланым желіде тарап кеткен соң, Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы отбасына хабарласып, көмек ұсынған.

"Бұл жарияланым шыға сала, Алматы қаласы әлеуметтік қорғау басқармасы атынан олардың үйіне барып, жұмысқа орналастыру шараларын ұсындық. Отбасы одан бас тартты", - дейді Тұяқбаев.

Оның сөзінше, отбасы өз бетінше Алматыдан кетіп қалған және қазір Шымкентте.

"Олар өз бетінше Алматыдан кетті, қазір бұған дейінгідей, Шымкентте тұрып жатыр. Қысым болған жоқ. Олар бұл шешімді өз беттерінше, ата-анасымен ақылдаса отырып қабылдады", - деп мәлімдеді вице-министр. 

Тұяқбаевтың сөзінше, олар неліктен көшіп кеткенін ведомстводағылар білмейді. "Неге көшкенін, себебін білмеймін. Бұл отбасы қабылдаған шешім. Мүмкін, ата-анасы шақырып алған болар. Алайда күні кеше ғана нақтыладым, Шымкент әлеуметтік қорғау басқармасы бұл ақпаратты растады. Ешқандай қысым болған жоқ", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0