Алматыда самокат жүргізген жас жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзін ағызып жіберді

Оқиға осыдан бір аптаға жуық уақыт бұрын болды

Қыркүйек 9, 2025 - 16:55
Қыркүйек 9, 2025 - 17:42
Алматыда самокат жүргізген жас жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзін ағызып жіберді
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда 3 қыркүйек күні самокат мінген азамат жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, көзіне үшкір зат сұғып алғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктінің арада бірнеше күн өткеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.

«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

Бүгінге дейін жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалғаны, сол сияқты оның өз қаражатына емделіп жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында электросамокаттар туралы заңды шұғыл өзгерту керектігін арнайы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow