Алматыда шетелдік студент 17 жастағы қызды зорлаған
Желіде алматылық әйел 17 жастағы қызды шетелдік студент зорламақ болды деген ақпарат таратты, деп хабарлайды sadaq.kz cайты stan.kz-ке сілтеп.
Алматылық әйелдің айтуынша, оқиға желтоқсан айының соңында қала орталығында, үйлерінің жанында болған. Қыз емтиханнан кейін үйге оралған кезде қауіпке тап болған.
Анасының айтуынша, оның қызы мүгедектігі бар және паллиативті күтімде. Сол күні ол ауруына байланысты қызының қасында бола алмаған. Ал қыз қорыққанынан көмекке шақыра алмай қалған. Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар күдіктінің Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті екенін мәлімдеді.
Полиция аталған адамның жеке басын анықтап, ұсталғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайлары толық тексеріліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0