Алматыда танымал заңгер қамауға алынды

Наурыз 31, 2026 - 09:22
 0  15
Алматыда танымал заңгер қамауға алынды
фото: әлеуметтік желіден

Алматыда Instagram желісінде танымал заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, азамат М.-ға қатысты жалған ақпаратты әдейі тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Әділетхан Молдахан әлеуметтік желілерде айыппұлдарды жою жолдары мен полиция қызметкерлерімен қарым-қатынас туралы кеңестері арқылы танымал болған. Бұған дейін ол патрульдік полицияда қызмет атқарған.

Айта кетейік, ол Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасынан кейін әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтқан.

Сондай-ақ 30 наурыз күні өзін жәбірленуші тараптың өкілі ретінде таныстырған.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, жақын уақытта тергеу соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдауы мүмкін.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0