Алматыда ұрылар сейфті троллейбуспен алып қашпақ болған

Желтоқсан 9, 2025 - 15:43
Желтоқсан 9, 2025 - 15:44
 0  2
Алматыда ұрылар сейфті троллейбуспен алып қашпақ болған

Алматыда кезекті пәтер тонаушы ұрылар ұстады. Ең қызығы, олар қолды еткен сейфті  қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетуге әрекеттенген, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар ер азаматты анықтап, ұстады. Күдікті қылмыс орнынан кету үшін ең күтпеген тәсілдердің бірін таңдағанымен, тәртіп сақшылары оны дер кезінде қолға түсірді.

– Бұл күдіктіні ұстау қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстың бұл түрін ашу бойынша жұмыс күнделікті жүргізіледі және біз қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырамыз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралардың жалғасып жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0