Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Наурыз 24, 2026 - 12:06
app_badging Наурыз 24, 2026 - 12:07
chat_bubble  0 visibility  1
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: Алматы ПД

21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 
Жол апаты әлеуметтік желіде талқыланды. Кейін апаттан көз жұмған жүргізуші мен жолаушылардың туыстары мен таныстары әсерлі жазбасы тарады. Олар соттың ашық өтуін талап етті.


“Менің құрбым Әл-Фараби көшесінде болған жол апаты салдарынан қаза болды. Бұл видеода оның өмірінің соңғы секундтары жазылған. Біз сол сәтте ол не сезінгенін, не ойлағанын білмейміз. Бір адамның кесірінен қазір ол жер қойнында жатыр. Одан бөлек тағы екі адам, жүргізуші және Құмардың құрбысы. Олар кінәсіз. Біз ашық сотты талап етеміз! Құрметті Президент, осы істі жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз. Менің Құмарым өмірді жақсы көретін, ол мейірімді, шынайы, әрдайым күліп жүретін. Бүгін біз оны жерледік, енді оның бұл өмірде жоқ екеніне сену қиын. Оны қайтару мүмкін емес. Тек естеліктер қалды… сондай-ақ енді орындалмайтын арман-мақсаттар. Бірақ біз бір нәрсені анық білеміз: біз әділдік үшін күресеміз”, – деп жазды желі қолданушысы.

“Kozachkov offside” Telegram арнасының мәліметінше, Zeekr 9X көлігін компаниялары транспорт саласында жұмыс істейтін 32 жастағы кәсіпкер басқарған. Арнаға жіберген ақпаратқа сәйкес, Zeekr көлігін жүргізген 32 жастағы Александр Пак Алматының жоғарғы бөлігінде тұрады.


“Оның тұрғылықты мекенжайында екі компания тіркелген –  “ГУ ХОЗУ Алматы” және “Глобал Партнер” ЖШС. Александр Пак – екеуінің де құрылтайшысы. Бірінші ұйым 2025 жылы пайда болған және 12 ай ішінде салық ретінде шамамен 500 мың теңге төлеген. Ал екінші компания “Глобал Партнер” ЖШС 2024 жылдың күзінен бастап бюджетке 50 миллион теңгеден астам салық төлеген. Ал оның мінген қытайлық көлігі шамамен 100 мың доллар тұрады. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде 5-тен 10 жылға дейінгі жазалау қарастырылған. Көбіне бұл баппен сотталғандарды төмен қауіпсіздікті колонияға жібереді”, – делінген жазбада.

Сондай-ақ оқиға куәгерлері Zeekr 9X басқа көліктермен жарысқанын айтады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0