Алматыдағы жалғыз тегін инклюзивті мектеп жабылу алдында тұр (ВИДЕО)

Ақпан 19, 2026 - 16:21
Ақпан 19, 2026 - 16:49
 0  2
Алматыдағы жалғыз тегін инклюзивті мектеп жабылу алдында тұр (ВИДЕО)
Фото: Shutterstock.com

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ерекше балаларға арналған тегін мектеп» (Inclusive School) жобасы қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты жабылу қаупінде тұр. Бұл туралы әлеуметтік желі белсенділері дабыл қағып, қоғамнан көмек сұрауда, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Аталған оқу орны көптеген отбасылар үшін жалғыз үміт оты болған еді. Жекеменшік инклюзивті орталықтардың бағасы қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиетіні жасырын емес. «Бұл Starbucks-тан да маңызды мәселе» деп жазған желі қолданушылары мектептің жабылуы жүздеген баланың болашағына балта шабатынын айтады.

Мектеп директоры Нұры Нұрғалиевтың айтуынша, биыл 1 ақпан күні оқу ордасының құрылғанына тура 3 жыл толды. Алайда, мерейтой қарсаңында мектеп ұжымы күтпеген соққыға тап болды.

«Өткен жылдың соңғы төрт айына төлем жасалды. Желтоқсан айында бізге келесі төлемдер 2026 жылдың мамыр айында түседі деп уәде берген болатын. Бірақ, кенеттен 1 қаңтардан бастап мектепті қаржыландыру толықтай тоқтатылады деген суық хабар жетті», — дейді мектеп басшысы Newtimes порталына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта мектеп ұжымы мен ата-аналар еліміздің кәсіпкерлері мен меценаттарынан қолдау күтеді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0