Алматылық курьер балалар арбасына дәрет сындырған (ВИДЕО)
Алматыда курьер тұрғын үйлердің біріне тапсырысты жеткізу кезінде балалар арбасына дәрет сындырып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бейнежазбаны әлеуметтік желіге арбаның иесі салды.
"Алматылық курьер балалар арбасына дәрет сындырып, содан кейін тапсырысты клиентке апарған", – делінген таралған бейресми ақпаратта.
Қалалық полиция департаменті оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
"Алматы қаласының Полиция департаменті қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған құқыққа қайшы әрекетке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлайды. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтап, ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.
Курьердің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Тәртіп сақшылары мұндай жайттарға жол беруге болмайтынын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0