Алмазбек Атамбаев барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды

Желтоқсан 29, 2025 - 10:56
 0  0
Алмазбек Атамбаев барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды

Жапаров Атамбаевты мемлекеттік атақтардан айыру туралы жарлыққа қол қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев барлық мемлекеттік марапаттарынан ресми түрде айырылды. Бұл туралы ел президентінің ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаров қол қойған жарлыққа сәйкес, Алмазбек Шаршенович Атамбаевтан Қырғызстанның бірқатар жоғары мемлекеттік наградалары кері қайтарылды. Атап айтқанда, ол мына марапаттардан айырылды.

Қырғыз Республикасының ең жоғары айрықша белгісі — «Кыргыз Республикасынын Баатыры» атағы; – «Манас» орденінің II дәрежесі; – «Данакер» ордені; – «Данк» медалі. 

Сонымен қатар, осы марапаттарды беруге негіз болған бірқатар бұрынғы президенттік жарлықтардың күші жойылды.

Олардың қатарында 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары қабылданған тиісті нормативтік актілер бар.

Құжатта Бас прокуратура жанындағы сот орындаушылары қызметіне Атамбаевқа берілген мемлекеттік наградалар мен оларға қатысты құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен алып қою тапсырылғаны көрсетілген. Кейін бұл марапаттар мемлекеттік наградалар қорына өткізілмек.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0