Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін

Тамыз 5, 2025 - 14:46
Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін
фото: видеодан скриншот

Алматыда 83 жастағы Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол екі жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Амантай қажының Алматыдағы ғимараттардың бірінің кіреберісінен әйел адамды итеріп жіберген видеосы тараған болатын.

Полиция аталған оқиғаны ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша – «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» ретінде бағалаған.

«Дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс аясында кешенді тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін процестік шешім қабылданатын болады», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде. 

Айта кетейік, ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігінің санкциясында 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (3 932 000 теңге) айыппұл салу немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow