Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қыркүйек 23, 2025 - 15:39
chat_bubble  0 visibility  26
Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажы Асылбекке қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Амантай қажы ғимараттың кіреберісінде бір әйелді баспалдақтан итеріп жібергені үшін айыпталып отыр. 

Бастапқыда оған ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша ("денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") айып тағылған. Кейін іс ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне ("абайсызда ауыр зиян келтіру") қайта сараланған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тараптардың татуласуына және жәбірленушіге материалдық әрі моральдық шығынның өтелуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0