Алматыда «Перзент» балалар үйі өртенді

Қараша 10, 2025 - 09:13
Қараша 10, 2025 - 11:29
Алматыда «Перзент» балалар үйі өртенді
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы Наурызбай ауданы аумағында орналасқан "Перзент" деп аталатын жеке қайырымдылық балалар үйі өртенді.

Төтенше жағдайлар қызметі өрт шыққан мекемеде болған 35 бала мен қызметкерлер түгел эвакуацияланып, аумағы мың шаршы метр болатын өрт сөндірілгенін хабарлады.

Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, балалар үйінің тәрбиелеушілері мен қызметкерлері уақытша сауықтыру санаторийіне жайғастырылып, тамақ берілген, киім-кешек, азық-түлік және жеке гигиена заттары жеткізілген.

"Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"Перзент" – жеке қайырымдылық қор қамқорлығындағы балалар тәрбиеленетін мекеме. Оның директоры Әмина қажы Әжібаева жексенбі күні болған өрт кезінде тек құран кітабының ғана өртенбей қалғанын айтады.

«Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен беріп жұмыс істеп жатыр. Алла разы болсын, бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр. Ең кереметі құран кітабымның өртенбей қалғанын қараңдаршы, түк болмағандай. Менің қаруым күйіп кетіпті, бірақ құранға ештеңе болмапты. Алла ұлық! Ұлылықтың белгісі», - дейді Әмина қажы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow