«Әминді» айқайлап айтайық. Мешіттегі төбелестің неден шыққаны белгілі болды (ВИДЕО)

Имам намазды бұзбаған болып шықты.

Шілде 10, 2024 - 20:38
Шілде 10, 2024 - 20:39
«Әминді» айқайлап айтайық. Мешіттегі төбелестің неден шыққаны белгілі болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Осы жылдың мамыр айында Шымкенттегі мешіттердің бірінде болған төбелес елді елең еткізді. Араға уақыт салып жанжалдың неден басталғаны белгілі болды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Видеоның толық нұсқасына көз жүгіртетін болсақ, белгісіз ер адам әлдекімдерді қол бұлғап шақырып: Келіңдер «әминді» дауыстап (айқайлап.авт) айтайық, дейді. Осылайша ол жанында тұрған жамағаттың тыныштығын бұзады. Белгісіз ер адамның шу шығарғанына қарамастан имам өз жұмысын жалғастырып, намазды соңына дейін жеткізеді. Алайда шу шығарушымен бір қатарда тұрған ер адам ашуына ие бола алмай оны соққыға жығады.

Оқиғаның қалай болғанын жариялаған жүргізуші бұл видеоны бірінші рет көргенін, оның еш жерде тарамағанын айтады. Сонымен қатар имамның намазды бұзбағанын алға тартып одан кейінгі әрекеті есепке алынбайтынын түсіндірді. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде мешіттердің бірінде болған төбелестің үзінділері тарағанын жазған едік. Желі қолданушыларының айтуынша, төбелес Сарыағаш қаласындағы «Abdusattar» мешітінде болған.
Аталмыш оқиғаға қатысты діни басқарма мәлімдеме жасаған еді. Артынша имамның өзі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow