«Аңқау елге арамза молда»: Төреғалидің қарындасы кітап сатамын деп сынға қалды

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі кітап жазып, оны 10 мың теңгеден саудалап жатыр. Блогердің бұл әрекеті көпшілік арасында дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фариза Төреәлі кітап шығарғаны жайлы сүйінші жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті. Ол бұл арманына қол жеткізу үшін бәраз еңбектенгенін атап өтті.
Десе де, халық тарапынан оның кітабы қатаң сынға ұшырады. Олар желіде түрлі жағымсыз пікірлерін жаудырып жатыр.
Ал Фариза Төреәлі болса, мұндай сындарға дайын болғанын жеткізді.
"Оның бәріне мен дайын болдым, қыздарым. Мен барлық адамды, оның ішіндегі негативін де қабылдаймын. Адам ретінде жақсы көремін бәрін, әрбірін. Жүрегіме ашу, ыза, жаман ой сындыны қалдырмаймын, оған орын жоқ. Жүрек - тек махаббатқа толуы керек. Ойлап көріңізші, "біреу бірдеңеидер екен" деп үрейленгеннен өз армандарың мен мақсаттарыңнан бас тартқан қаншалықты дұрыс? Ол - өзіңді сату", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






