Антикор Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғай ма

Министр бұл қызметтен «өз еркіммен кеттім» деп жазса да, түрлі телеграм арналар оны «кетірді» деп даурықты.

Мамыр 15, 2024 - 17:33
Мамыр 15, 2024 - 17:36
Антикор Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғай ма
Фото: facebook/@BagdatMussin

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ", - деп жауап қайырды сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.

30 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин лауазымынан босатылған еді.

Министр бұл қызметтен «өз еркіммен кеттім» деп жазса да, түрлі телеграм арналар оны «кетірді» деп даурықты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow