Аптап ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Мамыр 4, 2026 - 17:32
 0  7
Аптап ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін. 5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

«Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды», – делінген мамандардың болжамында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0