Аптап ыстық: Мереке күндері ауа райы қандай болады
Демалыс күндері Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронталды бөліністердің өтуіне байланысты күн райының құбылмалы сипаты сақталады.
Дегенмен, кезеңнің соңына қарай облыстардың басым бөлігінде күн жылынады деп күтілуде.
«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, бүкіл кезең бойы солтүстікте, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4-5 шілдеде оңтүстік-шығыста, орталықта, ал 5-6 шілдеде шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.
Республика бойынша синоптиктер жел күшейіп, бұршақ жауатынын, дауыл тұратынын болжайды. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 5-6 шілдеде облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.
Республиканың батысы мен орталығында 35-39°C-қа дейін, оңтүстік-батысында 40°C-қа дейін, ал солтүстік-батысында 35°C-қа дейін аптап ыстық күтіледі. Бүкіл кезең бойы шығыста 35-37°C-қа дейінгі қатты ыстық сақталады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0