Ақтөбе облысында қаза тапқан баланы 15 оқушы бір сағат бойы қатігездікпен ұрып-соққан
Марқұм Нұржан Сыдық бар болғаны 14 жаста еді
Ақтөбе облысында қайтыс болған жасөспірімді 10 және 11 сыныптың 15 оқушысы жабылып ұрған. Бұл туралы өзін баланың әпкесімін деп таныстырған желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тағы оқыңыз: «Үлкендер ұрғызған»: Ақтөбедегі 9-шы сынып оқушысының өліміне қатысты тың дерек айтылды
Қайтыс болған баланың әпкесі інісін соққыға жыққандардың ішінде жалпы білім беретін Қопа орта мектебі мұғалімдерінің ұлдары бар екенін және олардың Темір ауданы Құқық қорғау органдарында таныстары бар екенін айтады.
«Қазір біз інімді аяусыз өлтіріп кеткендер жазадан құтылып кете ме деп қорқамыз. Сондықтан осы ащы шындықты ашық айттық», - деді ол.
Тағы оқыңыз: «Ұрғандардың ішінде боксшы бар»: Ақтөбеде қайтыс болған оқушының анасы сұмдық дүниелерді айтты
Бойжеткеннің айтуынша, Нұржан тірі болғанда келесі айда 15 жасқа толар еді. Қыршынынан қиылған жас бала болашақта Астанаға оқуға түсіп, математик болуды армандаған екен.
Бұған дейін Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, салдарынан 9-сынып оқушысы қаза тапқанын хабарлаған едік. Қазіргі күні оқиғаға байланысты екі күдікті ұсталған. Бас прокурор Берік Асылов іс өзінің жеке бақылауында екенін жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?