«Арамызда тосқауыл бар сияқты»: Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікті ойландырып қойды

Танымал актриса, желі белсендісі Жұлдыз Әбдікәрімова жеке парақшасында блогер отбасы Ерболат-Самал Жанабыловтардың тойынан үзінді жариялап, көпшіліктің көңіліне күдік салып қойды, деп жазады Sadaqkz.
"Бәлкім, екеуіміздің ойымыз бір шығар, бірақ бөлек-бөлек жүріп келеміз. Арамызда тосқауыл бар сияқты…" – деп жазған ол жұмбақтап.
Желі қолданушылары актрисаның бұл сөзін жеке өмірімен байланыстырып, Қайрат Нұртастан жауап күтіп отыр.
“Қайрат, мына сөзге жауап бер”, “Жұмбақтап жазғаннан шаршамайды екен”, “Балаларының әкесіне арналған сөз деп түсіндім”, “Тосқауылды жоқ қылу өзіңнің қолыңда”, “Өмір тым қысқа, ғажайыпты күтіп жүрмеңіз”, – деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?






