«Арақ ішіп, ләйліп...»: Ардақ Назаров Түркістанда арақ ішуге тыйым салуды ұсынды
Депутат Ардақ Назаров Түркістан қаласында ішімдік ішуге және сатуға, көшелерінде мас күйінде жүруге тиым салуды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ардақ Назаровтың айтуынша Түркістан рухани қала және қазақстандықтар бұл руханиятты тарату керек.
«Түркістанға туристер келген кезде мас күйде қарсы алсақ ұят болады. Сондықтан осы заң аясында, Түркістан ішімдік қолданбайтын қала, рухани қала деп жариялап, ішімдіекке тиым салуға болама?», - деп сауалын жолдады Депутат Ардақ Назаров.
Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ардақ Назаровтың сауалын өзекті және орынды деп таныды.
«Түркістан облысында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы жүзеге асырылды. Қазір басқа өңірлер де атсалысып, бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Сондай-ақ түрлі форматта пікірталас болды. Жалпы, Түркістан туристердің қаласына айналуда. Әрине, бұл мәселе бойынша көптеген пікірлер туындайды. Бұл сұрақ өзекті және орынды. Ол заңнамалық нормалар аясында қаралатын болады», - деді Тәжібаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?