«Ардақ Назаров ерлік жасады» деген актер депутаттың тағы бір әрекетін жария етті (ВИДЕО)
"Шаншар" театрының актері Дәурен Әбиев әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жаңалығымен бөлісті деп жазады sadaq.kz сайты Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
Дәурен Әбиевтің айтуынша, жұрт Ардақ Назаровтың бағасын білмей жүрген көрінеді. "Сіздер күлген Ардақ Назаров мынадай ерлік іс жасап жүр" деген актер депутаттың кітап шығаруға демеушілік еткенін айтады.
Дәурен Әбиевтің пайымдауынша, депутат Ардақ Назаров осы кітаптың шығуына демеушілік еткен. Бұл кітап Абайдың өзі қолымен жазылған, ескі нұсқасы және түпнұсқасы екен.
Видеода депутаттың кітабын парақтап, тамсанған діндарлар "бұл түпнұсқа, парсы, шағатай тілінде жазылған кітап қой! Мұны төте жазуды оқитындар да, арабша білетіндер де оқи алмайды" десіп таңдай қағуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0