Арыста жұмыстан өз еркімен шығып кеткен әйел бұрынғы бастығынан 10 млн теңге өндіріп алды

Сот оның талабын толық қанағаттандырған.

Мамыр 15, 2025 - 09:35
Мамыр 15, 2025 - 09:38
Арыста жұмыстан өз еркімен шығып кеткен әйел бұрынғы бастығынан 10 млн теңге өндіріп алды
Фото: Pixabay

Түркістан облысы Арыс ауданында 2023 жылы жұмыстан өз еркімен шығып кеткен әйел қайта айналып келіп, бұрынғы жұмыс берушісінен 10 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сенсек, әйел 2021 жылы жергілікті ЖШС-лардың біріне бас есепші болып жұмысқа орналасқан. Жұмыс істеп жүргенде компания оған тиісті төлемдерін бермеген болу керек, ол жұмыстан шыққан соң өзіне тиесілі төлемдерді алу үшін сотқа жүгінген.

«Талапкер өзінің арызында, кәсіп орыннан еңбек шарты негізінде еңбек шарты бойынша 5,4 млн астам теңге, экологиялық төлем 3,6 млн теңге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған 47 күні үшін 1,8 млн теңге, еңбек демалысын берумен бірге жыл сайынғы сауықтыруға арналған қызметтік айлықақы көлемінде 2,4 млн теңге, 2023 жылдың қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан айларында міндетті зейнетақы жарналары 770 мың теңге, МӘМС 56 мың теңге өндіруді соттан сұраған», - деп хабарлайды Арыс ауданының соты.

Сот биыл қаңтар айында шешім шығарып, әйелдің пайдасына 10 млн теңге өндіріп берген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow