«Арманым орындалды»: Софья Самоделкина Олимпиаданың Топ-10 тізіміне еніп, жеке рекордын жаңартты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина еркін бағдарламада айрықша өнер көрсетіп, әлемнің үздік ондығына енді.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша спортшы 12-ші сатыға тұрақтаған еді. Алайда, шешімші еркін бағдарламада қазақстандық фигурист мінсіз сырғанап, төрешілерден 138.99 балл алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол жалпы 207.46 балл жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты және Олимпиада ойындарын оныншы орынмен тәмамдады.
Мұз айдынындағы өнерінен кейін Софья алған әсерімен бөлісті:
«Қазіргі деңгейіме сай өнер көрсеттім. Дайындаған бағдарламамды толық орындадым. Сондықтан өте бақыттымын. Менің арманым орындалды деп айта аламын».
Спортшы бұл додада психологиялық қысымды сезінбегенін және жеңіске деген нық сеніммен шыққанын айтты. Оның жетістігіне жанкүйерлердің ыстық ықыласы да үлкен демеу болды.
Айта кетейік, бұл Олимпиада қазақстандық мәнерлеп сырғанау мектебі үшін тарихи оқиғаларға толы болды. Софьяның үздік ондыққа енуімен қатар, ерлер арасындағы сында отандасымыз Михаил Шайдоров алтын әкеліп, Олимпиада чемпионы атанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0