«Асекеңмен қоштасу үшін Майра тәтенің табытын ауруханаға алып барған» – Бағдат Әшімова
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова 2021 жылы Stan.kz. порталына берген сұхбатында көпшілікке беймәлім дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бағдат Әшімованың айтуынша, Майра Айманова 1993 жылы ауыр сырқатқа душар болып, сирек кездесетін склеродермия диагнозы қойылған.
"Ол ауру бүкіл ішкі ағзаларды біртіндеп жейді екен. Асанәлі ағаларың жарын аман алып қалу үшін, тіпті Германия мен Мәукеудегі ең танымал аурауханаларғада алып барған. Германиядан аппаратпен алып келіп содан оянбады деді. Әйелінің соңғы демі шыққанда Асекең жанында бола алмаған. Соқырішек болып, ауруханаға түсіп қалыпты. Сонда Асекеңмен қоштасу үшін Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған. Асекеңді ауруханадан шығармай қойған. Отадан кейін жара қайтадан жарылып кетеді. Сонда "кетіп бара жатып та менімен келіп қоштасып кетті" дейді Асекең. Жаназасына да қатыса алмаған ол топырақты шүберекке түйіп беріп жіберген. Майра қайтыс болғанда "Майраның әні" деген кітап жазыпты. Ішқұсалықтан сол құтқарды мені деп айтып отырады. 1999 жылы бір жылда екі ұлынан айырылыған ол барлық жерден жұмыстан шығып кетеді. Киноға түспей, театрда ойнамай қояды. Тек араға 10 жылға жуық уақыт салып, өнерге қайта оралды", – деді Бағдат Әшімова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0