Әсет Ерғалиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайыналды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген.
2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітіріп, экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған.
2025 жылғы 28 ақпаннан бастап – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0